«Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

04.10.2023

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: «Бейбарыс және оның кезеңі» атты тақырыпта, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Көпшліктің назарына сұлтан Бейбарыстың өмір –деректері мен қабірі басынан алынған тастардың бөлігі, XVII-XVIII ғасырдағы мәмлүктерге тиесілі тапаншалар, Бейбарыс мешітін бейнелейтін тарихи суреттер ұсынылды. Конференцияға Ресейден, Мысыр мен Өзбекстаннан белгілі ғалымдар келіп, тың ғылыми зерттеулерін паш етті. 50-шақты баяндама оқылды. Профессорлар Бейбарысқа дейінгі тарихты түгендеуіміз керек деп отыр. Сонда ғана Дешті қыпшақ даласының ұлы перзенті туралы тың ақпараттарға қол жеткіземіз дейді.

Керім Шамшәдин, филология ғылымдарының докторы, профессор :

Бейбарыстың айналасын қазу керек. Бейбарысқа дейінгі алғышарттар болған. Үлкен-үлкен түркі мәмлүктерінің ішінен генералдар, губернаторлар, сұлтандар шыққан.

Машалы Мохаммад, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің зерттеушісі:

Сұлтан Бейбарыс даңқты қолбасшы ғана емес, Ислам дініне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға.Каирде мешіт тұрғызды. 4 мәзһабты шегелеп кетті. Сондықтан оның дін жолындағы игі істерін де кешенді зерттеу керек.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу