Жол проблемасы тек Абай облысымен шектелмейді. Ақмола облысында мердігер компания үш жыл бойы екі ауылдағы ішкі жолдарды жарамсыз топырақтан салып келген. Прокурорлар Целиноград ауданына қарасты Қаражар және Жаңажол елдімекендеріндегі асфальттың талапқа сай төселмегенін анықтады. Онымен қоймай, құрылыс межелі мерзімнен қалып қойған. Осылайша мердігер ұйым 3 миллиард теңгені қалтасына басуды көздеген. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Ал құрылыстың іске асырылу барысын бақыламаған/ жауапты тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Меруерт Байболова, облыстық Прокуратураның басқарма прокуроры:
Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша мердігермен жасалған екі шарт бұзылып, мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы сотқа жолданды. Аудан әкімдігі жаңа конкурс жариялау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Ұмсындық Наурызбаева