Павлодар облысында орманшылар қарағайлы орманды отады деген күдікке ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында орманшылар қарағайлы орманды отады деген күдікке ілікті

25.09.2023

Полиция мен прокуратура бірлесіп «Ертіс орманы» резерваты аумағында арнайы операция жүргізді.

Мемлекеттік мекеменің бас кеңсесі мен Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы басшыларының үйлерінде 20-ға жуық санкцияланған тінту жасалды. Ресми дерекке қарағанда, қарағайды шабуға рұқсат беретін есеп-фактурасы, сатуға дайындап қойған ағаш және атыс қаруы, оқ-дәрі және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Алдын-ала мәліметке қарағанда, заңсыз ағаш кесуге «Ертіс орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірнеше лауазымды тұлғаларының қатысы бар көрінеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ерекше қорғалатын «Ертіс орманы» аумағында соңғы 10 жылдан бері ағаш дайындауға тыйым салынған. Тіпті, санитарлық тазалау жұмыстарына рұқсат берілмейді.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу