Ақтөбе облысында 380 адам қызылша індетін жұқтырған
Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ақпан айынан бері облыста 380 жағдай тіркелген. Оның 337-сі облыс орталығында.
Өкініштісі, бұл індетке шалдыққандардың 82 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Эпидемиологтардың айтуынша, олардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған. Оқу жылы басталғалы бері 17 оқушы ауырған. Дегенмен, жауаптылар мектептерді карантинге жабуға негіз жоқ дейді. Ондай жағдай тек, тұмау өршісе ғана болуы мүмкін.
Мұхтар Сербаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Оқушылар арасында тіркелген 14 жағдайдың 58,8 пайызы – екпе алмаған бала. Карантинге жабылған мектеп Ақтөбе облысында жоқ. Жалпы қызылша ауруы бойынша халықтың басым бөлігі, негізгі бөлігі қызылшаға егілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25