Жетісу облысында жедел жәрдем бекеті ашылды
Жетісу облысында заманауи жедел жәрдем станциясы пайдалануға берілді. Жылдам құрастырылатын нысан елімізде алғашқы болып Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында салынды. Бұған дейін медицина қызметкерлері бір ғимараттың жертөлесінде жұмыс істеп келген. Енді аудан фельдшерлері 54 мыңнан астам тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалғанын айтып қуанып отыр. Жалпы облыста емдеу мекемелерін жөндеу және жаңадан салу мақсатында 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. 25 блокты-модульді медициналық пункт құрылысы жоспарланып, оның тең жартысы халық игілігіне берілді. Ал дәл осындай жедел жәрдем бекеті алдағы уақытта Панфилов ауданында ашылмақ.
Ғабит Ерғажы, аға фельдшер:
Ескі ғимаратта қиын болған әрине жұмыс істеу. Қазір мына жаңа ғимарат бергеннен кейін өте қолайлы. Тез шақыртуларға жедел шығып кетуге өте ыңғайлы, жақсы жасалған. Бәріміз қуаныштымыз осы ғимаратқа келгенімізге.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21