Елімізде жастарға 2,5%-бен несие беру жалғасып жатыр
Еліміздегі 4 мыңнан астам жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие беріледі. Олардың жобасы мақұлданды.
Жалпы кәсіп ашқысы келетін не оны кеңейтуге ниетті жастардан осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам өтінім түскен. Жоба ұсынғандардың көбі – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Ал несиенің басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларына берілді.
Жыл соңына дейін тағы 1,5 мыңнан аса жобаға микрокредит беру қарастырылған. Қарыз мөлшері 5 млн теңгеден аспауы тиіс. Оны 5 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Ал мал шаруашылығымен айналысатындарға 7 жылға дейін беріледі. Несие алатын уақытта үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21