«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы басталды

05.09.2023

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы басталды. Бүгін дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтті.

1300 шақырымдық бәйгенің бағыты Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 команда ертең Қаражар ауылында жарысты бастайды. Қатысушылар саны 100-ге жуықтайды. Әрқайсында екі тұлпардан бар. Марафон 14 кезеңге бөлінген. Бірінші және соңғы күні 50 шақырым, қалған күндері 100 шақырымнан жүріп отырады. Жүлде қоры 65 миллион теңге. Жеңімпаз команда 30 миллион теңге, екінші орын 20 миллион теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 миллион теңгеден бұйырады. Жарысты Ұлттық арна эфирінен тамашалай аласыздар. Ал ашылу салтанатына қатысқан Мәжіліс спикері, «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов шабандоздарға сәттілік тіледі.

 Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы:

Төл мәдениетімізді дәріптеп, Ұлттық спортты дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Өздеріңіз білесіздер келер жылы Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда V дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтеді. Бұл байрақты бәсекені Қазақ даласында өткізу мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілік бүгінгі фестиваль сол дүниежүзілік көшпенділер ойынының бастауы деуге болады.


Хабарламаларға жазылу