Алматы облысында газ құю станциясында өрт болып, 2 адам ауруханаға түсті
Алматы облысының газ құю станциясында өрт болып, 2 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылында орын алған. Ресми ақпараттарға сүйенсек, жеке кәсіпкерлікке тиесілі газ құю станциясында 40 дана газ баллоны жанып, көгілдір отын сақтайтын қойманы шарпыған.
Сондай-ақ қызыл жалын қойманың жанында тұрған «ЗИЛ» газ құю машинасына ауысқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен жарты сағатта өртті ауыздықтаған. Әйтпегенде баллондар жарылып, радиусы 30 метрге дейін жетуі ықтимал еді. Өрттің салдарынан екі станцияның екі қызметкерін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Қазір апаттың себептері анықталуда.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09