Жетісу облысында таудағы көлдерге бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында таудағы көлдерге бақылау күшейді

28.07.2023

Күн райының күрт ысып кетуіне байланысты Жетісу облысы тауларындағы мореналық көлдерге бақылау күшейді. «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Жоңғар Алатауы аумағында орналасқан бірнеше көлдің жағдайын тікұшақпен бақылап қайтты. Сондай-ақ арнасы толған көлдерден су деңгейін түсіру мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың айтуынша, биылғы шілде ерекше ыстық болып, мұздықтардың жылдам еруіне қатты әсер еткен. Десе де алаңдайтын негіз жоқ. Ақсу және Сарқан өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдердің жағдайы бір қалыпты. Ал арнасы шектік мөлшерге жақындаған қоймаларда су ағызу жұмыстары қолға алынған.

Мейрам Нұрымбетов, «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатауы аумақтық пайдалану басқармасының филиал жетекшісі:

Жару жұмыстарының мақсаты - осы көлдердің деңгейін азайту, судың шығысын, эвакуацияланған каналды жарып, суды төмен қарай ағызу. Ол жұмыстар өзеннің төмен жағында орналасқан ауылды мекендерді су басудан құтқарады.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу