Алматыда зәулім коттедж салу үшін жеке компания талдарды қопарып, өзенді көмген
Алматыда зәулім коттедж салу үшін жеке компания өсіп тұрған талдарды қопарып, ағып тұрған өзенді көміп тасаған.
Медеу ауданына қарасты «Горный гигант» тұтынушылар кооперативінде орналасқан жер 108 млн теңгеге жекеге сатылған. Тиісінше, учаске иесі ондағы ағаштарды тамырымен жұлып, құрылысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Желіде тараған мына таспаларда ауыр техникалардың жерді тегістеп жатқанын аңғаруға болады. Тұрғындардың наразылығынан кейін Қала құрылыс бақылау және экология басқармасының мамандары аталған орынға барып, тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтар жасалғанын анықтаған.
Мақсат Қабиденов, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:
Біздің басқарма тарапынан өзенді көмуге қатысты құзырлы органдарға арыз, талап жолданды. Енді қажетті шараларды тиісті мекелер іске асырады. Ал ағаштарды кесу бойынша ешқандай ереже, заң бұзылмаған. Өйткені жер жеке тұрғын үй салуға деп берілген.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24