Президент Астананың бауырлас қалалары форумына қатысты
Елорданың 25 жылдық мерейтойына орай Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Қазір форум алаңынан әріптесім Данияр Қайыртай тікелей байланысқа шығып тұр.
Данияр Қайыртай, тілші:
Дәл қазір үш түрлі тақырыпта панельдік сессиялар өтіп жатыр. Ал бұған дейін өткен форумның ашылуында Президент сөз алып, алдымен шетелдік қонақтарды Астана қаласының тарихымен және жетістіктерімен таныстырды. Мемлекет басшысы «Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болғанын айта келе, ширек ғасыр бұрын осы бастаманы іске асыруға күш салған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты әрі әділ бағасын беруге үндеді. Президент қалаларды тиімді басқарудағы және урбанистикадағы жаңа үрдістерді жүйелі зерделеу қажеттігін айтты. Әрі мұндайда «адам қала үшін емес, қала адам үшін» қағидатын басшылыққа алуды ескертті. Себебі мегаполистердің табысты болуының көрсеткіші оның тұрғындарының тұрмыс сапасымен өлшенеді деді. Мемлекет басшысы орталық көшелерді ғана жарқыратып қоймай, қаланың шеткері аудандарына да көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Қ.Тоқаев қаланың экономикалық және инвестициялық әлеуетіне де тоқталып, Астананың аймақтағы ірі қаржы орталығына айналғанын айтты. Астана халықаралық қаржы орталығы осы күнге дейін елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартқанын атап өтті. Қазір бұл орталықта әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізеді.
Жалпы, форумға 13 елден қала басшылары мен орынбасарлары келген. Ашылу салтанатында олар да сөз сөйледі.
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
24.07.2026, 20:18
Елордада аэротакси сынақтан өтті
24.07.2026, 20:17