Қарағандыда ақау шыққан аттракцион жұмысы тоқтатылды
Қарағанды орталық саябағындағы «шолу дөңгелегі» аттаркционының жұмысы тоқтатылды. Себебі тұрғындардың бірі қауіпті ақауды көріп, ұялы телефонға түсіріп алған. Енді аттракцион қайта тексеріледі. Биіктігі 25 метр болатын 20 кабиналы шолу дөңгелегінің қолданысқа берілгеніне биыл 40 жыл. Көктемде ол күрделі жөндеуден өтіп, қауіпсіздік жөнінде сараптамадан өткен.
Роман Калачев, Саябақтар мен гүлзарлар басқармасы директорының орынбасары:
Көктемде тексерген кезде ондай ақаулар анықталған жоқ. Болған жағдайда сарапшылар аттракционды іске қосуға рұқсат бермеуші еді. Бұл содан кейін болған сияқты. Біз аттракционды тағы бір мәрте тексеретін боламыз. Ақауларын жөндейміз. Егер қауіпсіз деп рұқсат берсе ғана, қайта іске қосамыз. Тексеріс қанша уақытқа созылатынын әзірге айта алмаймын.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06