Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттады
Құрбан айт мерекесіне орай базарлар мен дүкендердегі азық-түлік бағасы қымбаттады. Әсіресе, кептірілген жеміс-жидектер мен еттің бағасы шарықтап кеткен. Қарапайым тұрғындар бұл қалтаны қағады деп отыр, ал саудагерлер мен бағаны бақылауы тиіс құзырлы мекеме өкілдері не дейді?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Мұсылман қауымының ұлық мейрамы Құрбан айт та келді. Жұрт кешелі бері базар, дүкен аралап, қонақ күтудің қамына кіріскен. Мерекелік көңіл-күй сезілгенімен, халықтың көңілі толмайтын жайттар да бар. Мысалы, Құрбан айт кезінде дастарханға қойылатын кептірілген жеміс-жидектер қымбаттаған. Саудагерлер керісінше бағаны төмендетіп жатырмыз деп ақталады. Салыстырмалы түрде алсақ. Дәл қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие болған құрғатылған өріктің келісі 3500-4000 болса, бір келі сиыр еті 2800 теңгеден саудаланып жатыр. Ал көкөністер арзандай бастапты.
Разия Үбиева, саудагер:
Екі апта бұрын осы тауарлар қымбат болған. Енді маусым басталды. Сондықтан бағалары түсті.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бағаны тұрақтандыруға тиіс құзырлы мемекемелер тек әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ғана құнын қадағалайды екен. Бұл тізімге кептірілген жеміс-жидек, ет сынды өнімдер кірмейді. Ал Құрбан айтта сойылатын малдың бағасына келер болса, қала және облыс аумағында тоқты, қой, қошқардың бағасы 40-80 мың теңгенің аралығында. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5-10 мыңға қымбат.
Саудагерлер қой, қошқар бағасының қымбаттауын жанармай мен жем-шөп құнының өсуімен байланыстырып отыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22