Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды.
1997 жылдан бері мереке қарсаңында беріліп келе жатқан марапатты бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада салтанатты түрде табыс етті. Биыл Президент грантын иеленгендердің бірі журналист – Саламат Омаш. Қызметін отандық телеарналардың бірінде тілші болып бастаған ол бүгінде «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, отандық медиа жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті. Айтуынша, қалам ұстаған қауым жеке басының немесе бір топтың емес, елдің мәселесін көтеруі керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл – өткен ғасырда «Қазақ» газетінің аясында ұйысқан Алаш зиялыларынан бастау алған ұлы миссия. Осы міндетті абыроймен атқару үшін әр журналистің бойында ізденімпаздық, жауапкершілік және табандылық болуы қажет. Себебі ақиқат жолы – оңай жол емес. Ал журналистің ақиқаттан айнуға құқығы жоқ. Шындық пен шынайылық басты қағида болуы керек. Яғни, ақпарат арнасы адалдық алаңына айналуға тиіс.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16