Астанада Қазақстан мен Иран кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті
Астанада Қазақстан мен Иран кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті. Ауқымды шара барысында импорт пен экспорттық әлеуетті арттыру жайы талқыланды. Ислам мемлекетінен 20 бизнесмен келген. Оларды негізінен агроөнеркәсіп саласы қызықтырып отыр. Ал Қазақстан тарапы 75 түрлі тауар түрін ұсынып, экспорттауға дайын екендерін жеткізді. Оның ішінде тек ауыл шаруашылығы өнімдері ғана емес, электронды тауарлар мен өңделген металдар және көліктер бар. Жалпы Иран еліміздің негізгі сауда және стратегиялық серіктестерінің бірі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналым 20 процентке артып, 525 миллион долларға жеткен. Енді оны 3 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:
Осы талапты жүзеге асыру үшін осындай шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Мысалы, алдыңғы жылдары үш жыл бойы біз экономикалық экспорттық миссияларды Иранға жібергенбіз. Осы Иранда шамамен 80 миллион долларға біз экспорттық келісімшартқа қол қойдық.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26