Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен 65 БАҚ өкілі баспаналы болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, бүгін 65 БАҚ өкілі баспаналы болды. Астана төрінде су жаңа пәтер кілттерін иелеріне Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай табыс етті. Қуанышқа бөленгендер қатарында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының 24 қызметкері бар.
Самал Қабышева, тілші:
Журналистер мен жалпы БАҚ саласында қызмет етіп жатқан жандарға берілген баспана заманауи. Міне, есігінің өзін қараңыздаршы, қандай керемет. Үйдің жалпы биіктігі 3 метр. Қабырғасына түсқағаз жабыстырылған.Едені ламинат. Жалпы бір бөлмелі пәтердің жалпы шаршы аумағы 38-44 болса, ал екі бөлмелі пәтерлер 58-68 шаршы метр аралығында екен.
Дәл осындай екі бөлмелі пәтерге ие болғандардың бірі - Ұлттық арнаның продюсер-үйлестірушісі Гүлбану Сапабекова. Ол кадр сыртындағы қызметкер. Қазақстан арнасында 17 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан маман бүгін баспаналы болды. 4 баланың анасы көптен күткен арманына қол жеткізгеніне сене алмай қуаныштың көз жасына ерік берді.
Гүлбану Сапабекова, продюсер-үйлестіруші:
Осы уақытқа дейін пәтер жалдадым. Таныстарымның үйінде тұрдым. Міне өзімізге бұйыртып екі бөлмелі пәтер алатын болдық. Гүлбану Сапабековадан бөлек Ұлттық арнаның тағы 23 қызметкері баспаналы болды. Үйлі болғандардың ішінде жаңалықтар қызметінің тележүргізушісі, журналист Шерхан Жамбылұлы да бар.
Шерхан Жамбылұлы, журналист, тележүргізуші:
Енді міне журналистикада жүрген 10 жылдық еңбегіміз ақталып, осындай пәтер беріп жатыр екен, өте қатты қуаныштымыз. Корпорацияға көп рахмет, басшылыққа көп рахмет.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек денгендей, бұл қоныс иелерінің орны бөлек. Себебі, алғаш рет тікелей Президенттің тапсырмасымен журналистер қауымы баспаналы болып жатыр. 28 маусым БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үйлі болғандар ішінде журналист те, оператор да, режиссер, продюсерлер де бар.
Руслан Желдібай, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы:
Мемлекеттік медианың қызметкерлеріне пәтер сыйлаймыз. Бұл Мемлекет басшысының сіздерге деген қамқорлығы, сіздерге деген құрметі. Сіздердің жұмыстарыңызға деген жеке алғысы деп қабылдаңыздар.
Қоныс иелерін Қазақстан телерадио корпорациясының төрайымы Ләззат Танысбай құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. Жалпы БАҚ өкілдеріне 65 пәтер «Дара» Президенттік бастамалар қоры арқылы беріліп отыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00