1 шілде күні шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады
Бірінші шілде күні шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады. Ішкі істер министрлігінің өкілі жұмыс қызу жүріп жатқанын айтады. Әсіресе, көлігін заңдастыруға асыққандардың қатары Астана, Алматы және Шымкент қаласында көп, дейді. Сондықтан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылған. Сондай-ақ, бірінші шілдеге дейін құжат тапсырғандардың өтініші әрі қарай да қарала беретіндігін жеткізді. Сәйкесінші, сол күннен бастап Ресейден, Еуроодақтың кез келген елінен әкелінген көліктерді есепке алу басталмақ.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Біздің есебіміше, бүгінге дейін Қазақстанда бұрын шетелде есепте тұрған 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген, оның 10 мыңға жуығы автоконструкторлар. Шамамен 13 000 автокөлік иесінің өтініші алдын ала мақұлданған. Жақын арада бұл көліктердің 90 пайызы тіркелуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37