Алматыда хат жазудан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда хат жазудан жарыс өтті

22.06.2023

«Ең қадірлі жанға хат». Дәл осындай атаумен Алматыда студенттер мен оқушылар арасында республика бойынша хат жазудан жарыс өтті.

Оған 1200 адам қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл технологияның дамып, хат жазу деген ұғымның ұмытылы бастаған шағында таң қаларлық көрсеткіш болды. Келіп түскен хаттардың арасынан көркемдігі әрі мағына жағынан үздік деген 250-і сараланып алынған. 50-і арнайы кітап болып басылып шықты. Туындыдаға енген хаттарында авторлар танымал ақындарға, жақындарына, сүйгеніне ішіндегі сырларын баяндаған. Тіпті ауыр сырқатқа ұшыраған жандардың қоштасу сөздері бар. Мұндай ерекше форматтағы сайыс елдегі ірі баспалардың ат салысуымен алғаш ұйымдастырылып отыр.

Саят Қамшыгер, Қазылар алқасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

Көзбе-көз айта алмайтын нәрселерді хатпен бейнелеу өте жеңіл. Сондықтан осы заманда хат жанрының құлдырап кетіп бара жатқанына біздің жанымыз ашиды. Сондықтан бұл жанрды біз барынша сақтап қалсақ. 1200 хат дегеніміз осы қоғамда өте жақсы жазылған хат деп есептеймін.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу