Президент Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты

20.06.2023

Қазақстан - Германияның индустриясына қажет табиғи ресурстарды игеруде сенімді серіктес болуға дайын. Мемлекет басшысы Қазақстан-Германия бизнес форумында осылай деп мәлімдеді. Әрі неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырды. Бүгін екі ел табиғи ресурстарды бірлесіп барлау және игеру ісіндегі ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елімізде неміс капиталының үлесі бар 1000-нан астам компания белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі – әлемге әйгілі брендтер, ал басқалары – орта деңгейдегі отбасылық бизнес. Неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырамыз. Батылдылыққа, нақтылыққа және жауапкершілікке негізделген неміс бизнесінің тәсілін бағалаймыз. Бұл қасиеттер бизнестегі табыс үшін өте маңызды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу