Жыл басынан бері алматылық еріктілер 200-ден астам қайырымдылық шарасын өткізді
Алматылық еріктілер жыл басынан бері 200-ден астам қайырымдылық шарасын өткізді. 60 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинаған. Шахарда 50 мыңға жуық ерікті, 30-дан астам волонтерлік ұйым бар. Белсенділер ертең Астанада өтетін халықаралық форумға қатысу үшін жолға жиналып жатыр. Сапарға шығар алдындағы соңғы жұмыстар пысықталып жатыр.
Раногүл Тохтабакиева – жиынға қатысушылардың бірі. Ол басқаратын ұйым қайырымды істермен қатар із-түзсіз кеткен адамдарды іздестіруге, түрлі төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарына белсене қатысады.
Раногүл Тохтабакиева, ерікті:
Мемлекеттің еріктілерге, біздің жұмысымызға көңіл бөле бастағаны мені қуантады. Бұл форумның біз үшін маңызы зор. Себебі, шетелдік волонтерлармен тәжірибе алмасамыз, ақпаратпен бөлісеміз. Ерікті болам дейтін жастарды қатарымызға көбірек қосамыз.
16 жастағы Зере Мақсұтханның да алға қойған мақсаты көп. Еріктілер қатарына осыдан бір жыл бұрын ғана қосылған. Десе де, талапты жастың атқарған шаруасы мол.
Зере Мақсұтхан, ерікті:
Көбіне қарттар үйіне, балалар үйіне барамыз, әртүрлі кинокештер өткіземіз. Концерттер қоямыз. Экосенбілік өткіземіз. Қаламыздағы үлкен парктерді қоқыстан тазалап, қоршаған ортаға пайдамызды тигіземіз.
Астанадағы форумға 34 шет елдің делегаттары шақырылған. Бас-аяғы 400-ге жуық адам бас қоспақшы. 80 қатысушы – арнайы байқауда оза шауып, сайдың тасындай іріктелген еліміздің ең мықты еріктілері.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37