Ақмола облысының еріктілері халықаралық форумға қатысу үшін жолға шықты
Ақмола облысының еріктілері елордада өтетін халықаралық волонтерлер форумына қатысу үшін жолға шықты.
Шарада әлемнің 34 елінен 140-қа жуық делегат пен Қазақстандағы ең үздік 80 ерікті бас қосады. Мақсат – өзара тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді шешу. Форумға Көкше өңірінен 9 ерікті қатысады. Олар жиында экология, білім беру, медицина саласындағы бірнеше өзекті мәселені көтеріп, жаңа жобаларын ұсынбақ. Облыстағы 4 мыңға жуық ерікті 12 бағыт бойынша жұмыс істейді.
Дидар Хамзин, волонтер:
Ақмола облысында үйсіз қалған мұқтаж жандар, азаматтар бар. Соларға автобустың ішінде ыстық тамақ пен жылы жатын орындарды жүзеге асыру үшін Ақмола облысы әкімдігінен автобус сұратқан болатынбыз. Халықаралық форумда да осы өзекті мәселені көтереміз.
Ұмсындық Сандықбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06