Талдықорғанда ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
Талдықорғанда ауыл әйелдірінің аймақтық форумы өтті. Ортақ мүддесі бір қыз-келіншектерді бір арнаға тоғыстырған жиынға Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан делегаттар онлайн қатысты.
«Қазақстандағы әйелдер қауымының тең жартысы ауылды жерде тұрады. Еңбек етіп, отбасының ұйытқысы болып, кәсіп жүргізеді. Бірақ олардың елдің өркендеуіне қосқан бұл үлесі назардан тыс қалып жатады» дейді қатысушылар. Осындай басқосулар өзара пікір алмасуға, кәсібі мен берекелі ісін насихаттауға мүмкіндік береді.
Майра Айсина, ұйымдастыру комитетінің төрайымы:
Әйелдердің беделі өте жоғары. Белсенділігі де өте жоғары. Сондықтан осындай форумдарда кішкене шынығып, үйреніп, ертең қоғам жұмысына аралассын деген ойымыз бар. Соның нәтижесін де көріп келе жатырмыз.
Айнаш Рыскелдинова, кәсіпкер:
Мынандай форумдардың арқасында әр ауданның әйелдері жиналып, өзіміздің біліктілігімізбен бөлісіп, кәсіптерімізді көрсетіп, клиент тауып жатырмыз, бір-бірімізге үлкен қолдау деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37