Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі маңызды
Қазақстан Орталық Азияда болатын саяси-экономикалық жағдайларда шешуші рөл атқарады. «Жаңа Қазақстан: жаһандық дауыл кезінде даланы басқару» кітабының тұсаукесерінде сөз алған сарапшылар осылай деді. Кітапта жаһандық өзгерістер жағдайында еліміздің өзгеруі мен мүмкіндіктері, жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына қатысты әлемдік зерттеушілердің эсселері топтастырылған. Ағылшын тілінде жарық көрген кітапты қазақшаға аудару жоспарда бар. Жинақта экономикалық, монетарлық және қаржылық тәуекелдер сияқты көптеген тақырыптар қамтылған.
Ханс Хольцхакер, Ортаазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтының Бас экономисі:
Қазақстанның Азиядағы орны ерекше. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей бұл ұстанған бағыт жалғаса береді. Қазақстан өзінің ішкі сауда серіктестері, сонымен қатар ірі импорттаушы мемлекет ретінде зор әлеуеті бар ел. Оған қазіргі кезең дәлел. Үздіксіз дамып келе жатқан мемлекет үшін жаңа шешімдер, ынтымақтастықтар маңызды. Міне, осыны атап өттік.
Данияр Қайыртайұлы
