Павлодар облысы шыбын-шіркеймен күресті бастап кетті. Олар бұл бағытқа 1 млрд. 200 млн. теңге жұмсалмақ. Қыруар қаржы бөлінген соң өңделетін жер көлемі де тисінше үш есеге ұлғайды. Былтыр зиянкестердің көптігі сонша, үй құстарына дейін қырылып қалған болатын. Қансорғыштарға қарсы күрес алдымен әуе арқылы жүргізілді. Авиа өңдеу жұмыстары кезінде биологиялық және химиялық препараттар қолданылды.
Ермек Серікұлы, зиянкестерді құрту бойынша құрылған ғылыми топ мүшесі:
Шыбын-шіркей көп болады деген болжам болды. Мысалы, судың көтерілген кезінде, тасыған кезде дернәсілдері байқалды. Бірақ дер кезінде біз ғылыми тұрғыдан да, мердігерлеріміз де өндеуге дер кезінде ұшақтарды да көтердік.
Ендігі жұмыстар құрылық және су арқылы жүргізіледі. Қансорғыштар қанаттанбай тұрып олардың дернәсілі жойылуы керек. Сол үшін әр адам күніне бес гектар жерге дәрі бүркеді. Облыс бойынша 500-ден аса адам жұмыс істеп жатыр.
Дияр Қайыркенов, жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:
Өткен жылы Ақтоғай, Тереңкөл аудандарынан арыз-шағым көп түсті. Еңісті жер және Ертіс суы бұл аумақтарға көп жайылады. Сондықтан шыбын-шіркейдің таралуына өте қолайлы. Биыл осы екі ауданға да қаржы бөлінген. Дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.
Күн ысымай тұрып басталған авиа өңдеу жұмыстары 90 пайыз нәтиже берген. Шыныменде аймақ тұрғындары тарапынан әзірге шағым жоқ.
Болат Аманбаев, тілші:
Мамырдың ортасы мен маусым айында қала саябақтарына адам аяқ баспайтын. Кірсе болды, шыбын мен шіркейге таланады. Ал, биыл жағдай бөлек. Дер кезіндегі улау жұмыстарының арқасында масаның ызыңы тыйылып, құстар үні шыға бастаған.
Құс демекші, былтыр өңірде шыбын-шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып қалды. Соңғы жылдары Ертіс өзенінің қос қапталындағы елді мекен тұрғындары балапан бағып, құс ұстаудан қалды. Сондықтан екі жыл бұрын зиянкестерді құртуға бөлінетін қаржы төрт есеге көбейтілді.
Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:
Осы жылғы 1 млрд 200 млн-ның ішіне сол 3 жылдағы 500 ден аса миллионы кіреді. Қосымша 700 млн біз биыл бөліп 27 мың гектардан 71 мың гектарға дейін өңдеу жұмыстарын ұлғайттық. Жайылымның өңдеу көлемін үш есе көбейтіп, қосымша қаражат бөлінді.
Зиянкестерді жою жұмыстары маусымның аяғына дейін, яғни, инелік шыққанға дейін жүргізіледі. Нәтижесін ғылыми топ анықтайды. Оған дейін мердігерге ешқандай қаржы төленбейді.
Болат Аманбаев