Абай облысындағы орман өртінен қауіп жоқ
Абай облысындағы орман өртінен елдімекендерге төнген қауіп сейілді. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өткен жедел штабтың отырысында хабарлады. Өртті ауыздықтау үшін Павлодар мен Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан 133 адам мен 26 техника жіберілген. Қазір 434 өрт сөндіруші мен 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы қызыл жалынды сөндіруге күш салып жатыр.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Қатты жел болып, өртті сөндіру қиындап кетті.Желдің екпіні бәсеңдеген кезде яғни, кеше түнімен оттың екі ошағын сөндіруге күш салдық. Басқа аймақтардан тағы бірнеше техника жеткізіледі. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
Жетісу облысының жастары бүгін 35 түп ағаш екті
13.10.2026, 17:25
«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
13.10.2026, 17:24
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18
Шардара қаласына таза ауызсу беріле бастады
13.10.2026, 17:17
Түркістан облысында мақтаның 60%-ы жиналды
13.10.2026, 17:15