Қазақстан азаматтары 31 елге визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 195 елінің 31-іне визасыз сапарлай алады. Сонымен қатар 6 ел қазақстандықтарға визаны ұшып барған кезде әуежайда береді. Атап айтқанда, әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Тайланд бар. Қазақстандықтар Өзбекстанға барғанда сол мемлекеттің аумағында 5 күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда 30 күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті. Қазақстан азаматтарына Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 күнге дейін, Ресей, Украина, Түркияда 90 күнге дейін визасыз сапарлауға болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49