Әзербайжанда «Түркі әлемінің мәдени астанасы - Шуша 2023» іс шарасы салтанатты түрде ашылды. Мәдени шараға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды түркітілдес мемлекеттердің өкілдері де қатысты. Бауырлас елдердің басын қосқан жиында әр елдің министрлері түркі халықтарының құндылықтарымен танысты.
Сұлтан Раев, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы:
Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы болды. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық. Мен өте қуаныштымын. Бұл шара түркі әлемінің бай тарихи және мәдени мұрасын насихаттауға және бауырлас елдерді ұлттық және рухани құндылықтар негізінде жақындастыруға ықпал етері сөзсіз.
Шара аясында «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалі де өтіп жатыр. Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беру дәстүрі 2012 жылы басталған еді. Ең алғаш бұл мәртебе Астана қаласына берілді. Ал 2017 жылы түбі бір түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласы болған еді.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Бүгін енді Түркі тілдес министерлер келіп бірқатар шараларға қатысты. Үлкен жобаларды іске асырып жатыр. Әрине өте қуанышты нәрсе. ТҮРКСОЙ-да биыл Темірбек Жүргенов жылы болып аталды. Қазақ жұртын өте қуантады.