Адам саудасына қатысты 65 қылмыстық іс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам саудасына қатысты 65 қылмыстық іс тіркелді

11.05.2023

Ата-аналардың өз сәбилерін басқа отбасыға сату фактілері де тыйылмай тұр. 4 айда 12 қылмыс тіркелген. Дейтұрғанмен, шетелге бала сату мен адам органдарын трансплантация үшін мәжбүрлеп алу қылмысы жоқ. Бұл туралы елордада өткен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі форумда айтылды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс тіркеледі.

Әлібек Оразалы, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқарма басшысының орынбасары:

Ағымдағы жылды төрт айда адам саудасына қатысты 65 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде бас бостандығынан заңсыз айырылғандарды жұмыспен қанау, жезөкшелікке тарту мақсатында притондарды ұйымдастыру және оларды ұстау сияқты фактілер бар.

Жиында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжат қазір Парламенттің қарауына енгізілген. Жобаны адам саудасының құрбандарына алғашқы көмек ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар, оңалту орталықтарына жатқызылады. Қоғамды алаңдатқан проблеманы ушықтырмас үшін заңнамалық құжат аса қажет, - дейді жиналғандар.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заң жобасы өте маңызды. Адам құқықтарын қорғау үшін эксплуатациядан бас тарту үшін жай ғана мемлекеттің шамасы жетпейді. Оған БАҚ, мемлкеттік емес ұйымдар, қарапайым азаматтар көргеннен кейін бәрін шығарып, айтып отыру керек деп жеке басым айтып кетемін.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу