Жаңаөзен маңындағы Кендірлі ауылында алғаш рет спектакль қойылды
Жаңаөзен маңындағы Кендірлі ауылдық мәдениет үйінде алғаш рет театр қойылымы көрсетілді. Тахауи Ахтановтың шығармасының желісі бойынша қойылған «Ант» спектакліне 65 өнерпаз қатысты. Кейіпкерлерді сомдауға мектеп оқушыларынан бастап, мәдениет үйінің кіші қызметкерлеріне дейін тартылды. Айта кетейік, 300 орындық залы бар Мәдениет үйі былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған. Өнер ошағында мектеп жасындағы балаларға арналған 17 түрлі үйірме жұмыс істейді.
Алина Кенжеғалиева, спектакль режиссері, мәдениет үйінің ұйымдастырушысы:
Бұл жерде ешкім кәсіби актерлар емес. Әрқайсы әртүрлі. Біреуі домбырашы, біреуі жыршы деген сияқты. Дегенмен біз қолымыздан келгенді жасап, 2 ай дайындық жүрді. Тахауи Ахтановтың шығармасын өзімізше өзгертіп, инсценировка жасап, ықшамдап жасадық.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06