Серік Күдебаев Түркияда ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Күдебаев Түркияда ұсталды

27.04.2023

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ұсталып, Түркиядан Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растап отыр. Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Бұрынғы басшының ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі 27 наурызда бір-ақ анықтаған еді. 3 сәуірде күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне орай қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, сот талқылауы барысында прокурор судьядан оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.   

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу