Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр
Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр. Енді бірі басқа білім ошақтарымен бірігуге мәжбүр. Бұған елдегі туу көрсеткішінің 17 пайызға төмендеуі себеп.
Сонымен қатар пандемия мен Брексит те кері әсерін тигізді. Ұлыбритания Еуро Одақ құрамынан шыққаннан кейін оған мүше елдердің азаматтары туған жерлеріне кетіп қалып, мектепке баратын бала саны азайған. Әсіресе, Лондондағы жағдай қиын. Манчестер, Бристоль және Лидс қалаларындағы кейбір бастауыш мектептер де жұмысын тоқтатқан. Сарапшылар бірнеше жылдың ішінде бұл мәселе 6-шы сыныптан бастап білім беретін орта мектептер үшін де өзекті болады дейді.
Аннтуанетта Брэмбл, Хакни ауданы мэрінің орынбасары:
Барлығы да қаржыландыруға келіп тіреледі. Оқушы аз болса, мектепті ұстап отыру үлкен шығын. Сондықтан жабуға тура келеді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Оқырман ұрпақ» кітап оқу қозғалысы құрылды
07.10.2026, 13:27
«Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
07.10.2026, 13:21
Жол үстінде 5 жасар қызына қауіп төндірген әке жауапқа тартылды
07.10.2026, 13:20
Үкімет күштері хуситтерге қарсы әскери операцияны күшейтті
07.10.2026, 13:16
Британдық басылым Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалады
07.10.2026, 13:13
Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
07.10.2026, 13:10
Солтүстік аралдағы су көлемі 23,5 млрд текше метрге жетті
07.10.2026, 13:07
Тау беткейлері бекітіліп жатыр
07.10.2026, 13:06