Кенияда аштықтан қырылғандар саны 73-ке жетті
Кенияда христиандық секта өкілінің уағызына еріп, аштан өлгендер саны 73 адамға жетті. Олардың мәйіті елдің шығысындағы орманнан қайта қазылып алынды. 33 адам тірі қалған. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті полицияның мәліметінше, 112 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Секта жетекшісі Пол Маккензи 14 сыбайласымен бірге тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген ұғымды сіңірген. Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауда отырған Маккензидің өзі де тамақ пен судан бас тартып отыр. Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09