Мұнайшылардың мәселесін қарайтын жұмыс тобы құрылды
Жаңаөзенде мұнай өндірісі саласындағы кәсіпорындардың жұмысына талдау жасайтын жұмыс тобы құрылды. Оған Қазмұнайгаз компаниясының 33 қызметкері кіріп отыр. Жұмыс тобының алғашқы отырысына тілшіміз Данияр Қайыртай да қатысты. Қазір байланысқа шығып тұр.
Данияр Қайыртай, тілші:
Иә, жұмыс тобының алғашқы жалпы отырысы 1 сағаттай бұрын аяқталды. Қазір шағын құрамда жиналыс өтіп жатыр. Жұмыс тобына Қазмұнайгаз компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов төрағалық етеді. Оның айтуынша, 33 адамнан тұратын жұмыс тобы Жаңаөзендегі еңбек ұжымдарымен кездесіп, қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен және кәсіпорындардың сату-сатып алу қызметімен танысады. Жергілікті компанияларда істейтін жұмысшылардың еңбек келісімшарттарындағы олқылықтар бойынша шағымдары да жеке қарастырылады. Астанадағы орталық кеңседен келген мамандар Жаңаөзенде 1 ай бойы демалыссыз жұмыс істейді деп жоспарланған. Кейін осы комиссия шығарған қорытынды бойынша, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің алдын алу үшін жұмыс жоспары құрылады. Жаңаөзендегі мұнайшылардың мәселесі кеше Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да көтерілген еді. Өткен аптада Жаңаөзендегі «Берали мангистау компани» мердігер компаниясында бұрын істеген бір топ мұнайшы Астанаға барып, еңбек жағдайына шағымданған болатын. Кейін олардың ішінен 10 адам келіссөздер жүргізуге Астанада қалып, қалғаны Жаңаөзенге қайтарылған.
Данияр Қайртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03