Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтқан
Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтқан. Ұлттық статистика бюросының осы аптада таратқан мәліметіне қарағанда, елде бір жылда сату-сатып алу келісімдерінің саны 64,2 пайызға төмендеген. Былтыр наурызда 68 мыңға жуық мәмілеге қол қойылса, осы наурызда тек 24 мыңнан астам келісімшарт жасалыпты. Бұған, халықтың тұрмыс сапасы төмендеп, табысы азая бастағанын айтпағанда, пәтерлердің қымбаттауы себеп болуы мүмкін. Статистика бюросы таратқан тағы бір ақпаратта, жаңа үйлердің бағасы бір жылда 9,3 пайыз өскені, ал қолданыстағы үйлер 7,3 пайызға қымбаттағаны жазылған. Оның үстіне биыл қаңтардан «7-20-25» ипотека бағдарламасының шарты өзгерген. Салдарынан жүздеген адам ипотекаға іліге алмай әлек. Данияр Қайыртай жалғастырады.
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21