Ұлттық арна мен «Qazsport» Ковалев-Альварес жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна мен «Qazsport» Ковалев-Альварес жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

29.10.2019

Ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 2 қараша күні Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық бокс жанкүйерлері аталмыш кездесуді 3 қараша күні таңғы сағат 06:30-дан бастап «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан тамашалай алады. 

Қос боксшы жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады. айта кетейік, қазіргі таңда бұл титул ресейлік спортшының еншісінде. 

Сонымен қатар бұл кештің андеркартында жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов пен мексикалық Кристиан Оливас орта салмақтағы WBC (USNBC) белбеуі үшін жұдырықтасады.

Хабарламаларға жазылу