Мейірім Нұрсұлтанов «Жылдың үздік боксшысы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірім Нұрсұлтанов «Жылдың үздік боксшысы» атанды

13.10.2023

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов «WBO» нұсқасы бойынша «Жыл үздігі» атанды. Орта салмақтағы былғары қолғап шеберін марапаттау рәсімі Доминикан республикасындағы конференцияда өтті. Мейірім Нұрсұлтанов қазір дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандасымыз IBF нұсқасындағы үздіктердің бірімен кездескісі келеді. Ал соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутпен жеңген болатын.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу