Қазақстандық боксшы чемпиондық титулын қорғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшы чемпиондық титулын қорғап қалды

15.08.2019

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі кезекті кездесуін жеңіспен аяқтап, чемпиондық белдіктерін қорғап қалды. Бокс кеші Австралия астанасында өткен болатын. Жерлесіміз жергілікті Рокки Джеркичпен жолықты. Айдостың қарсыласы осыған дейін 18 жекпе-жекке шығып, бәрінде жеңіске жеткен. Алайда 10 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімімен біздің боксшы жеңімпаз атанды. Осылайша ол WBO Global, WBA Inter-National және WBC Asia чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.

Айдос Ербосынұлы, кәсіпқой боксшы:

Рингте асықпайтын, ойланып жұмыс жасайтын боксшы екен. Шахмат партиясы сияқты болды. Дайындығымның арақсында жеңіске жеттім. Енді алдағы уақытта үлкен жеңістермен елімді қуанта беремін.

Дәл осы бокс кеші аясында тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері өнер көрсетті. Бүгінге дейін бірде-бір жеңіліс көрмеген Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті Стив Гагомен жолыққан. Бұл жекпе-жек те 10 раундқа созылып, жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Нұрсұлтан WBA InterContinental белдігін қорғап шықты. Бұған қоса, тағы екі тұжырым бойынша чемпиондық белдіктерді иемденді.

Нұрсұлтан Жаңабаев, кәсіпқой боксшы:

Австралия елінде қазақ боксын көрсеттік. Одан әрі еңбек етеміз. Әлі де шыныға түсеміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ


 

Хабарламаларға жазылу