Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Оңтүстік Кореядан елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Оңтүстік Кореядан елге оралды

17.04.2023

Ал орта салмақтағы кәсіпқой бокс шебері Мейірім Нұрсұлтанов Оңтүстік Кореяда өткен жекпе-жегінде қанша табыс тапты? Бұл сұрақты былғары қолғап шеберінің өзінен сұрап көрген едік. Нақты жауап бермесе де, сома көлемі үлкен екенін жасырмады. Әлем чемпионы атануды мақсат еткен ол келесі жекпе-жекке дайынмын, дейді. Оның қашан және қайда өтетіні де белгілі. Өткен аптада Мейірім Нұрсұлтанов Инчхон қаласында өткен бокс кешінде кәсіби мансабында жеңілмеген жапон спортшысы Кадзуто Такесаконы сегізінші раундта нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғап шыққан еді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісі.

Мейірім Нұрсұлтанов, кәсіпқой боксшы:

Келесі жекпе-жек, Құдай қаласа, тамыз айында деп отырмыз. Америка Құрама Штаттарында өтеді. Келіссөздер жүріп жатыр. Қарсылас туралы әлі белгісіз. Белгілі болғанда айтамыз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу