Италияда төтенше жағдай жарияланды
Италияға ағылған босқындар легі толастамай тұр. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Ол жарты жылға созылмақ. Ал миграциялық дағдарыстан зардап шеккен аудандарға 5 млн еуро көлемінде қолдау қаржы беріледі. Бұл ақша босқындарды қабылдайтын жаңа орталықтар ашуға да жұмсалады. Мұндай орындардың болуы ыңғайлы әрі заңсыз мигранттарды еліне қайтару процесі жеңілдейді.
Дегенмен Италия үкіметі бұл шара жеткіліксіз деп Еуроодақтан көмек сұрап отыр. Ресми деректерге сай, жыл басынан бері 30 мыңнан аса босқын келген. Ал соңғы үш күнде 3 мыңдай адам Италияның оңтүстігіне Жерорта теңізі арқылы Тунис пен Ливиядан барды. 2014 жылдан бері осы бағыт арқылы Еуропаға жетуді көздеген 26 мыңнан аса мигрант ажал құшты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09