Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаеваның қазақ сахнасын әнге бөлеп жүргеніне - 40 жыл. Осыған орай, әншінің «Ертеңіме сенемін» атты мерейтойлық әнсапары басталды.
Алыс жолға арнайы автобуспен шыққан өнерпаздар бірнеше қаламен қатар, аудандар мен ауылдарға да соқпақ.
Көрікті мекен Үшқоңырдың халқы сүйікті әншісін ыстық ықыласпен қарсы алды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ батасын берді.
Сарайды лық толтырған қонақтар сағындырған әндерді қосылып бірге шырқаса, жас балалар жарыса би биледі.
Кешті әншінің жолын қуған жас өнерпаздар жалғады. Ал, Али Оқапов анасымен қосылып жаңа дуэт шырқады.
«Сапа» медиа-групп орталығының демеушілігімен басталған сапар үш айға белгіленген. Жоспарда 10-нан астам қала, одан бөлек аудандар мен ауылдар бар.
Ал, қорытынды кеш 28-ші қазан күні Алматыда Республика сарайында өтпек.
Амангелді СЕЙІТХАН