Басты Жаңалықтар Жетісу облысында қазандық жарылып, бір адам көз жұмды

Жетісу облысында қазандық жарылып, бір адам көз жұмды

Жетісу облысының 10 жылдық Қазақстан ауылында қазандық жарылып, бір адам қайтыс болды.

Оқиға құрылысы аяқталып қалған 120 орындық мектеп ауласында болған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің алдын-ала мәліметінше, көлемі 500 литрлік сұйық отын құйылған ыдыс жарылып, артынша өртке ұласқан. Өрт сөндірушілер жалынды жылдам өшіріп, оқиға орнынан 1965 жылғы жергілікті тұрғынның денесін тапқан. Тілсіз жау шарпыған аумақ – шамамен 22 шаршы метр.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


Бөлісу