PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
Әйгілі Неймар семейлік киберспортшының басты жанкүйері десем сенесіз бе? «Молодой» лақап атымен танылған Данил Голубенко бұл күндері елордада жалауын көтерген PGL ASTANA турнирінде бақ сынауда. Іріктеу кезеңі артта қалды. Енді үздік сегіздік 3 күн бойы контр-страйктағы таққа таласады. Халықаралық іс-шара аясында Заң мен тәртіп қағидаты да кеңінен насихатталып жатыр.
Біріне ермек, өзгелері үшін қызметке айналған контр-страйкты серік еткендердің саны әлем бойынша 70 млн адамды құрайды. Елімізде соңғы 5 жылда бұл ойынға көңілі ауған жанкүйердің Барыс аренада қарасы көп. ТМД елдеріндегі тренд өз нәтижесін де беріп үлгерді. PGL Astana турнирінің іріктеуінен іркілмей өткен 8-ұжымның сапында қос бірдей отандасымыз бар.
Бразилиялық команданың белді өкілі Данил Голубенконы бүгін азулы «Фальконс» күтіп тұр. Мерген ойыншының фан-тобында Неймардың да бар екенін атап өтейік. Пента кампиондар өкілі Рио-де-Жанейрода өткен турнирде жерлесімізді үйіне шақырып, қолтаңбасын да алған. Ал еліміздің әр өңірінен елордаға ағылған көрермен бұл ойынның феноменін өзінше түсіндіреді.
Жарыс жеңімпазы жексенбіде анықталады. Жалпақ тілмен айтсақ, финалда 5-ойын картасының үшеуінде үздік болған бестік қомақты қаражат пен қоса алдағы Мэйджер қарсаңында маңызды рейтінгтік ұпайларды еншілейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы