Басты Жаңалықтар Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды

Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты кітабы оқырманға таныстырылды. Туындыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалық шағы, отбасындағы тәрбиесі, ата-анасының тағдыры мен тұлғалық қалыптасу кезеңдері баяндалады. Жазушы болашаққа ұмтылған жас буынға өнеге болатын құндылықтарды алға тартады. Повесть балалар мен жасөспірімдерге арналған. Шығарма патриоттық сезім, адамгершілік, тарих пен мәдениетке құрмет көрсету сынды рухани құндылықтарды дәріптейді.

Сәуле Досжан, жазушы:

Президент отбасында жалғыз ұл емес, 4 бала бар. Төртеуі де тұлға болып өскен. Кітап оқыған баланың ойы ұшқыр болады. Әлемдік деңгейде ойлайды. Сондықтан балалар кітап оқысын деп жазылған нәрсе. Балалардың ертеңі жарқын болсын, жақсы адамдардан үйренсін, жақсы тұлғалардан үйренсін.


Бөлісу