«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
Астанада Worldskills қалалық чемпионаты басталды. 300-ден аса колледж студенті еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бақ сынайды. Өз саласының үздіктері республикалық чемпионатқа жолдама алады.
«WorldSkills» - әлемнің көптеген елінде кеңінен танылған жұмысшы мамандықты насихаттап, беделін арттыруға бағытталған халықаралық қозғалыс. Биыл Елордада осымен 11-рет өтіп отыр.
Осылайша қалалық іріктеу кезеңі ресми түрде басталды. Колледж студенттері 10 күн бойы 55 мамандық бойынша шеберліктерін дәлелдейді. Оның ішінде өнеркәсіптік автоматика, дәнекерлеу технологиялары, станокпен жұмыс, зертханалық талдау, сантехника, кірпіш қалау, аспаз ісі, ағаш шеберлігі ісі сияқты мамандықтар бар. Бизнестегі IT шешімдерді ұсынуға келген Мұхит Қибадолла қазірден жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстар түскенін айтады. Дәл осы «WorldSkills» жұмыс берушілер үшін де таптырмас алаң.
Мұхит Қибадолла, колледж студенті:
Мысалы, менің қазір сынаптастарым әлі мектеп оқып жататын болса, мен қазір жұмыс істеуге бір ғана қадам, нық сенімде тұрмын. Нағыз маман ретінде өзімді қалыптастырып келе жатырмын.
Қалалық іріктеудің ашық әрі әділ өтуі арнайы мамандарға жүктелді. Сыннан сүрінбей өткендер күзде өтетін республикалық чемпионатқа қатысады. Ал үздіктері Шанхайда өтетін әлемдегі ең мықты деген шеберлермен бақ сынасады.
Ләззат
Разбекова, чемпионат жұмысын үйлестіруші:
Бізде жұмыссыздық емес, біліксіздік деген мәселе бар. Егер өз ісінің шебері - ол сантехник болсын, ол маникюр мастері болсын, ол шаштараз болсын, өз ісінің хас шебері, мықты майталман маманы болса, ондай маман ешқашан жұмыссыз қалмайды. Сондықтан бізде Worldskills чемпионаты өз саласының ең мықты деген нөмір бір мамандарын дайындайды.
Чемпионат аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында да дәл осындай кәсіби шеберлік бойынша байқау ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы