Президент Оралда машина жасау зауытының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мұнай-газ және машина жасау өнеркәсібімен танысып, әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Соның бірі – Батыс Қазақстан машина жасау зауыты. Бұл кәсіпорын мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысады. Осы компанияда шығарылған мұнай жылытқыш пештер мен сыйымдылықтар «МаңғыстауМұнайГаз», «ӨзенМұнайГаз», «ЕмбіМұнайГаз» секілді ірі өндірушілердің қолданысында тұр.
Әліби Ахмеджанов, «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:
Былтыр біз «ҚазТрансГаз» компаниясына мультивендорлық сервис орталығын құру туралы ұсыныс жасадық. Сонда кез келген өндірушінің газ турбиналарын Қазақстанда жөндеуге мүмкіндік аламыз.
Ақылжан Ахметов, «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты» АҚ өндіріс басшысы:
Мұнайды сорып алғаннан кейін оны бір станциядан бір станцияға айдайды. Ең үлкен трассалардың бірі – Маңғыстау-Самара, сол екі ортада көптеген қондырғылар тұр. Маңғыстаудан бастап, Оралға дейінгі, Атырау облысында тұрған, Маңғыстау облысында тұрған көптеген пештер біздің өндірісіміз.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14