Балабақша тәрбиешілері неге тапшы? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша тәрбиешілері неге тапшы?

22.02.2023
Балабақша тәрбиешілері неге тапшы?

Балабақша басшылары бүлдіршіндерге қарайтын тәрбиеші таппай қиналып жүр. Жалақының аздығынан мамандар тұрақтамайды. Тапшылық әсіресе, Түркістан, Алматы облыстары мен Астана қаласында байқалады. Маман даярлау үшін не істеу керек? Өзге елдерде жағдай қандай? 

Бетін жасырып, атын атамауды өтінген кейіпкер Шымкентте бір балабақшаны басқарады. Қол астында 20 шақты қызметкері бар. Оның өзі жалақыны азсынып, ай сайын ауысып отырады. Жаңа маман іздеуден шаршаған балабақша басшысы мемлекет осыған назар аударса екен дейді.

Бөлінген қаржының аздығынан біз барлығына жылдағы көрсетіліп жатқан 25 пайызды қоса алмаймыз. Өйткені, ол барлығына жетпейді. Біздің ғимараттың жалға алған мәселесі бойынша, одан кейін коммуналдық қызметкерлерге беретін ақшаларамызға жетіңкіремейді.

Тәрбиешілер жалақысының аздығын Оқу ағарту министрлігі де мойындап отыр. ГРАФИКА: Жоғары білікті маманның өзі ары кетсе 170 мың теңге айлық алады. Ал тәжірибесі жоқ, жас педагогтерге 90 мың теңге төленеді. Соның кесірінен қазір салаға қызығушылық азайып, ел бойынша 15 мың маман жетіспей отыр.

Ал балабақшаға келгісі келетіндердің дені - жоғары білімі жоқ жастар. Арасында жалған дипломмен жұмысқа кіргендері де бар. Ал білімсіздіктің арты баланы ұрып-соғуға дейін әкеліп әкеліп отыр.

Манар Адамова, ҚР Оқу ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды даму институтының директоры: 

Жұмысқа алатын кезде оныменен алдымен кездесу, әңгімелесу жүргізген уақытта да, бұған мән беретін шығар деп ойлаймын. Кез келген балабақшаның меңгерушісі. Ол адам өзінің тарапынан да, осы келісімшартқа қол қойып отырғаннан кейін ол осы жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.

Еліміз балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатып әлек болса, АҚШ-та бұл мүлде міндеттелмеген. Соған қарамастан, тәрбиешілердің балаға күш көрсетпек түгілі қатты сөйлемейді» дейді Америкадағы Қазақстан азаматы.

Айжан Әділхан, АҚШ тұрғыны:

Сен біреудің көзінше өз балаңа да ұрыса алмайсың. Өз балаңды автокреслосыз да алып жүре алмайсың. Бізде камера ештеңе жоқ. Бірақ, біреуді ұрысты, ұрды деген жоқ. Менің балам 4-тен 5-ке қарады ғой. Түсінеді. Сөйлей алады ғой. Сонда қазақшылықпен сұрайсың ғой. Ұрысты ма, ұрды ма деп «жо-оқ, ешкім ұрысқан жоқ» деген сияқты жауап береді да.

Бұл елде маман тапшылығы да байқалмайды. Бізде бір топтағы 20-30 балаға 2 тәрбиеші жауапты болса, АҚШ-та 4 қызметкер 10 сәбиге қарайды екен. Балабақшаға келген маманға қойылатын талап та жоғары.

Айжан Әділхан, АҚШ тұрғыны:

Аяқ киімдерін де шешпейді-ау. Сөйтіп ұйықтатады. Бұл бірінші қауіпсіздік ережесі. Жер сілкінісі, ату деген сияқты, пожар болып қалса жай жүгіріп алып шығатындай. Сосын мұғалімдер сипиар деген курсты өту керек. Сипиар деген баланы құтқару. Бірдеңеге тұншығып қалған кезде, қақалып қалған кезде қандай массаж жасау керек деген сияқты.

Айя Мүтәлі, тілші:

Министрлік мектеп мұғалімдерінің мәртебесі секілді балабақша педагогтерінің де мәртебесін көтеру қажет деп отыр. Жалақыны да теңестіруді көздейді. Сонда мамандыққа сұраныс артып, талап күшейіп, кім көрінгеннің тәрбиеші болуына жол берілмейді деп үміттенеді. 


Хабарламаларға жазылу