Сейсмологтар Алматы аймағында 7 балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады
Қазақстандық сейсмологтар Алматы аймағында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Әсіресе, Алматы аумағы. Өйткені мұнда 1887 және 1911 жылдары күшті жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда мегаполисте дүмпудің орташа мерзімі бойынша қорытынды әзірленді. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің болжамы жасалды. Сондай-ақ, сейсмология институтының мамандары Түркияның Анадолы таулы аймағына қатысты да пікір білдірді. Жойқын жер сілкінісі болған жер планетадағы ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Онда күшті жер сілкінісі бұрын да болған.
АҚКЕНЖЕ СЕЙІЛХАНОВА, «СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ЖШС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Әлемдік әдістерді қолдану арқылы есептеу жасаймыз. Қазір бүкіл әлемде жер сілкінісінің дәл уақытын, қандай күшпен болатынын анықтайтын аспап жоқ. Осы жылға жасалған болжам бойынша қарқындылығы жеті балдан аспайтын жер сілкінісі жоқ деп айта аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13