Түркістан облысында өзен арналары бекітіліп жатыр
Арыс қаласында кешеден бері 170-ке жуық құтқарушы табиғат апатына қарсы күресуде. Оларға іргедегі әскери бөлім қызметкерлері де көмектесіп жатыр. 15 мотопомпа және 22 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Су жайылу қауіпі бар аймақтарға 2000 қап құм төселді.
Қазіргі таңда жауын мен еріген қардан жиналған су Қабылсай арнасына құйылуда. Оның деңгейі кешегіге қарағанда 1 метрдей төмендеген. Тасқын судан зардап шеккендер мен қираған үй жайлар жоқ. Төрт түлік те аман. Монтайтас ауылдық округі, Қызылкөпір елдімекенінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде. Ал қала көлемінде су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12