Алматылық дәрігерлер шала туған нәрестені аман алып қалды
Алматыда салмағы небәрі 510 грамм болып туған шақалақты дәрігерлер аман алып қалды. Анасы оны жүктіліктің 25 - аптасында дүниеге әкелген. Ақ халаттылар 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті. Нәресте бір ай бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан. Бала шала туғандықтан, ретинопатия дерті анықталған. Офтальмологтар дереу операция жасап, ол сәтті өтті. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, өздігінен емеді, салмағы 2700 граммға жеткен.
Ақмарал Бекдайырова, Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының бөлім меңгерушісі:
Өміріне ешқандай қауіп жоқ. Өзі демалады, өзі емеді, жетілуі қалыпты. Егер әйелдің денсаулығында ауытқулар болса, инфекциялар болса, ол да баланың дамуына әсер етеді. Былтырғы есептеуіміз бойынша экстремалды төмен салмақпен 63 бала шығарылды. Жалпы түскен бала саны – 93.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10