Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек тапшы
Еуропа дәрі-дәрмек дағдарысына тап болды. Қарт құрлықтың бірнеше мемлекетінде антибиотик, балалардың ыстығы көтерілгенде беретін сироптар мен рак ауруларын емдеуге қажетті препараттар тапшы.
Мамандардың пайымынша, дәрінің жетіспеуіне шикізат пен электроэнергияның қымбаттауы себеп. Сондай-ақ Еуропаның фармацевтикалық компаниялары жұмыс күші арзан болған соң зауыттарын Қытай мен Үндістанға көшірген.
Геосаяси ахуал ушыққалы препараттарды Азиядан тасымалдау қиынға соққан.
Мари ван Дерм, Брюссель қаласының тұрғыны:
Тұмау күшейгелі отбасымызбен ауырып жатырмыз. Дәріханадан парацетамол мен ибупрофен сұрап едім, Еуропа бойынша жоқ. Қашан түсетіні белгісіз дейді. Дамыған елдерде дәрі тапшы деген сұмдық қой.
Мишель Фреминер, фармацевт:
Антибиотик, басқа да дәрілер ауруханаларда да жоқ. Жағдай өте қиын. Қазіргідей қымбатшылық кезде фармкомпанияларға дәрі шығару тиімсіз. Себебі заңда оларға препарат бағасын көтеруге тыйым салынған. Сол мораторийді алып тастағанда ғана проблема шешілуі мүмкін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03